• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман оралған 122 ардагердің жеке тектік құжаттары 341-қорда сақталған. Бұл қор 1985 жылы Жеңістің қырық жылдығына орай қалыптастырылып, майдангерлерден жеке құжаттары жинақталған. Соның ішінде 30 майдангер соғыс қасіреті туралы бүгінгі ұрпаққа өз естеліктерін жазып қалдырған. Олар қазақ және орыс тілінде майдангердің өз қолымен жазылған күйінде архив қорында сақтаулы.

Хабарламалар төменде берілген Естеліктер

МАЙДАНДА ДА, ЕҢБЕКТЕ ДЕ.

Күн санап тарихи мереке – халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің 30 жылдығы жақындап келеді. Осыған орай сонау бір қаһарлы  жылдарға көз жүгіртсек , еліміздің  ересен ерлігін көреміз. Ел басына  күн туғанда етігімен су кешкен ерлер есімін еске алып, оларды шексіз құрмет тұтамыз. Біздің «Казюжгипровдхоз» институтында Ұлы Отан соғысының 16 ардагері жемісті еңбек етуде. Олардың бәрі… (read more)

БІЗДІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫМЫЗ

Батырлар бас қосқанда   1972 жылдың күзінде панфиловшы үш адам арнайы шақыру бойынша Орта Азия әскери округінің бөлімдеріне бардық. Шағын делегация құрамында Совет Одағының Батыры Григорий Шемякин, генерал Панфиловтың шофері Иван Чунихин және мен болдым. Жауынгер достар бізді зор қошамет көрсетіп қарсы алды. Құшағымызды гүлге толтырды. Онда көптеген бөлімдерде болдық. Жас жауынгерлер, офицерлер және мектеп оқушыларымен… (read more)

ҚАҒАЗҒА ЖАЗЫЛҒАН СЫРЛАР

1941 жылдың аяқ шенінде Москва түбінде фашистік басқыншыларға қирата соққы бергені үшін №316 атқыштар дивизиясына 8-ші гвардияшыл атқыштар  дивизиясы атағы берілді және оған «Қызыл жұлдыз» ордені тапсырылды. Осы сияқты қуанышты хабар бүкіл еліміздегідей облысымызда да еңбекшілер арасында саяси және еңбектегі жаңа зор өрлеу туғызды. Жер-жерлерде митингілер өткізіліп, өндірістік көтереңкі міндеттемелер қабылданылды. 8-ші гвардияшыл атқыштар дивизиясына… (read more)

ЖАМБЫЛДЫҚТАРДА ЖЕҢІСКЕ ӨЗ ҮЛЕСІН ҚОСТЫ

Фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздық шабуылын 1941 жылы 22 маусымда бастады. Кеңес үкіметінің мәлімдемесінде дұшпанның шекараға қарақұрымдай қалың әскер шоғырландырып, Қара теңізден Баренц теңізіне дейіңгі 3,000 км астам аймақты ел территориясына басып кіргендігі атап көрсетілді. Гитлершілдер оған дейін Еуропаның 12 ірі мемлекетін басып алып, олардың индустриялық және адам күшін өз арсеналына қосқан болатын. Сөйтіп Кеңес… (read more)

СОҒЫСТЫҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІНДЕ…

1941 жылы 22 маусымда соғыс басталған күні-ақ көптеген жастар митингілерден кейін өз еріктерімен әскери комиссариаттарға келіп, майданға аттанып жатты. Соғыс басталған күннің өзінде Жамбыл қалалық әскери комиссариатына 78, Шу аудандық әскери комиссариатына 53 өтініш келіп түскен. Тілек білдіргендердің барлығын бірдей әскер қатарына алу мүмкін болмағандықтан ер-азаматтарды жұмыстан кейіңгі уақыттарда жауынгерлік өнерге үйрету ісі жолға қойылды…. (read more)

АЛҒАШҚЫ АЙҚАС

1942 жылдың қысы өте-мөте суық болды. Ақтөбе төңірегі ақ қарға қалың жамылып жатты. Мұндай суық бұрын-соңды болып көрмеген еді, деп жүрді сол кезде жергілікті тұрғыңдар. Ашық даланың ақ қар, көк мұзында біздің бөлімшемізде тыным болған жоқ. Күні-түні демей әскери жаттығудың алуан түріне машықтанумен болдық. «Бүйтіп азапқа түскенше майданның өзіне аттанғанның өзі жақсы ғой», деушілер арамызда… (read more)

ЖАУЫНГЕР ДӘПТЕРІ

Бұл күндері бүкіл еліміздегідей облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері де Ұлы Жеңістің 30 жылдығы мерекесін жан-жақты әзірлікпен қарсы алу жақтарын қарастыруда. Сөйтіп сұрапыл соғыс жылдарынан қалған ескерткіштерді, қызықты деректерді жинастырып, іздестіруде. Атап айтсақ музейдің Ұлы Отан соғысы бөліміндегі тематикалық экспозиция құнды жаңа экспонаттармен толықтырыла түсуде. Оған әскери киім-кешек, ыдыс-аяқ, сол жылдардағы сақталған заттар, жауынгерлер хаттары қойылуда…. (read more)

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ

Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезі. Майдан мен тыл бір тұтас ұштасқан шақ. Совет жауынгерлерінің батырлығы мен тапқырлығы тіпті сонау майданнан қашық келді Алатау өңіріндегі Кенжебекке де естіліп жатты. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылы ол он сегізге жаңа толған еді. Қасиетті жерімізге опасыздықпен баса көктен енген қанқұйлы гитлершілдерге деген ашу ыза Кенжебектің де жас жанын мазалады…. (read more)