• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман оралған 122 ардагердің жеке тектік құжаттары 341-қорда сақталған. Бұл қор 1985 жылы Жеңістің қырық жылдығына орай қалыптастырылып, майдангерлерден жеке құжаттары жинақталған. Соның ішінде 30 майдангер соғыс қасіреті туралы бүгінгі ұрпаққа өз естеліктерін жазып қалдырған. Олар қазақ және орыс тілінде майдангердің өз қолымен жазылған күйінде архив қорында сақтаулы.

Хабарламалар төменде берілген Естеліктер

Сәду батырдан салиқалы сөз қалған (ЭССЕ)

Ар әмірі …Сол күнгі кешкі астың қамына бола жайылған дастарқанның басында тоқайласқан жандардың назары пәс, азын-аулақ бұйырған дәмге тәбеттері шаппай отырды. Үлкен-кіші деп бөліп жатпай-ақ қоялық, қалай екенін кім білсін, бәрінің жүздерінен бір түрлі әлде қалай үрейдің табы сезілгендей. Осы шаңырақтың отағасы Шәкірден басқасы алдарына келген шайдан бір-екі кеседен ғана ауыз тиіп, шеттеп-шеттеп шыға берді…. (read more)

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

1943 жыл. Майданның нағыз қызған кезі. 214 атқыштар дивизиясындағы полктың жауынгерлері де дұшпанмен шайқасып жатты. Солардың ішінде жас солдат Рахымбай да бар еді. Совет жауынгерлері Днепрдің немістер орналасқан арғы жағалауына өткен кез. Әне, жаудың екі танкісі келе жатыр. Аждаһадай аузынан ажал отын шашады. Рахымбай танкілерді қалай да алғы шептен өткізбей, өзі жатқан окопқа жақындай түскенде… (read more)

ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ

Жамбылдықтар ұлы жеңістің ширек ғасырдың мерекесін зор салтанатты жағдайда тойлап өтті. Көпшілік кешке қарай Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы алаңға орнатылған мәңгі өшпес от жанына жинала бастады. Кешкі сағат бес. Азамат және Ұлы Отандық соғыстың ардагерлері, Совет Одағының Батырлары мәңгі өшпес от жанындағы белгісіз солдат ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Совет Одағының Батыры Кенжебек Шәкенов мәңгі… (read more)

СОВЕТ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ ЖЕҢІСІ СССР Қорғаныс Министрі А.А. Гречконың баяндамасы

Қымбатты жолдастар! Қадірлі шетелдік қонақтар! Адамзаттың прогресс жолымен алға басу қозғалысымен байланысты болған көптеген оқиғаның арасындағы ең даңқты оқиғаның бірі – Совет Одағының ұлы Отандық соғыста фашистік Германияны талқандаған жеңісі болды. Совет халқының бүкіл дүниежүзілік тарихи жеңісі социалистік құрылыстың жеңілмейтін қуатын, оның капитализмнен асқан ұлы артықшылығы мен даусыз басымдылығын көрсетіп берді. Соғыс совет халқының соғыстан… (read more)

СОҒЫС ӨРТІН ТҰТАНДЫРУШЫЛАР АУЫЗДЫҚТАЛСЫН

Совет елінің бейбітшілік қорғау комитеті қабылдаған мәлімдемеде былай делінген: Америка құрама Штаттарының импералистік топтары Үндіқытайда қарулы агрессияның жаңа әрекетін жасады. Американың қарулы күштері мен олардың сайгондық қолжаулықтардың ірі әскери бөлімшелері Камбоджаға басып кіріп, осы суверенді, бейтарап мемлекеттің территориясында соғыс әрекетін өршітіп жатыр. Америкалық самолеттердің Вьетнам Демократиялық Республикасының территориясына жауыздық шабуылын тағы да жасағаны, мұның салдарынан… (read more)

АҒАЙЫНДЫ ӨРЕНДЕР

Мезгіл апрель айы. Сейдаш Қалманбетовтың киіз үйі Көктөбеде. Кештете малдарын жайғап болған шопандар Сейдаш үйіне жиналды. Сом денелі, қара торы, жасы қырықтың үстіндегі қонақ – Өмірқұл Құлшықов. Сейдаштың майданда командирі болған. Қордай ауданындағы  «Искра Ленина» колхозынан Сейдекеңнің арнайы шақыруымен келген. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, жасы тоқсанға келген ана – Ақтоқаш та қонақ әңгімесін ұйып… (read more)

ЖЫЛЫ ЛЕБІЗ

Әскери қызметте жүрген солдаттарға күн сайын дорба-дорба хат келіп жатады. Соншалықты хат сол күні еліміздің шар тарабына жол тартады. Олардың бәрінде нендей нәрсе сөз болады десеңізші. Бізге мынау анық: ата-ана өз ұлыны жауынгерлік әзірліктің үздігі бол дейді. Ал жауынгер өз тарапынан ата-ана сөзін ақтауға әзір екенін айтады. Саин Ахметов армия қатарына шақырылғанға дейін Шу ауданындағы… (read more)

ЖАҢА КІТАП «1945 ЖЫЛ 9 МАЙ»

«Наука» баспасы «1945 жылғы 9 май» деген кітапты басып шығарды. Көрнекті әскер басшыларының коллективтік еңбегі совет халқы мен оның Қарулы Күштерінің 1945 жылы фашистік Германияны талқандаған жеңісіне арналған. Кітапта совет әскерлерінің дүние жүзілік екінші соғыстың соңғы кезеңіндегі ең ірі операциялары егжей-тегжейлі баяндалып, Совет Армиясының Европадағы азаттық қызметі көрсетілген. Совет Одағының маршалдары А.А. Гречконың, А.М.Василевскийдің, Г.К.Жуковтын,… (read more)

ТАНК

Еліміз танк құрамаларын Отанымыздың құрышты қалқаны деп орынды мақтан етеді. Танкистеріміз Ұлы Отан соғысында өзін өшпес даңққа бөледі. Егер Сталинград шайқасында біржарым мың біздің танкілеріміз бен өздігінен жүретін установкалар қатысса, Висла-Одер операциясына төрт танк армиясы қатысты, ал Берлин операциясында жауға қарсы алты мыңнан астам совет танкілерінің болат толқыны жауға лап қойды. Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі… (read more)

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ШЕЖІРЕСІНЕН

АРТИЛЛЕРИЯ. Ұлы Отан соғысы жылдарында артиллерия қолданылмаған бірде-бір шайқас іс жүзінде болған жоқ. Артиллерияның атыс қуаты шайқастан-шайқасқа дейін арта берді. Москва түбіндегі шайқас кезінде оған 7 мыңға жуық зеңбірек, миномет және реактив артиллерияның дұрыс машинасы қатысқан болса, әскерлеріміздің Сталинград түбінде қарсы шабуылға шыққан кезінде енді 15 мың, Курск түбіндегі шайқаста 30 мыңнан астам, ал Берлин… (read more)