• Қазақ тілі
  • Русский
Герб жамбылской области ЕРЛІК

ЕРЛІК

мемориалдық кешені

Жамбыл облысынан Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер туралы ақпараттық-анықтамалық сайты

Жамбыл облысы мемлекеттік архивінде Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман оралған 122 ардагердің жеке тектік құжаттары 341-қорда сақталған. Бұл қор 1985 жылы Жеңістің қырық жылдығына орай қалыптастырылып, майдангерлерден жеке құжаттары жинақталған. Соның ішінде 30 майдангер соғыс қасіреті туралы бүгінгі ұрпаққа өз естеліктерін жазып қалдырған. Олар қазақ және орыс тілінде майдангердің өз қолымен жазылған күйінде архив қорында сақтаулы.

Хабарламалар төменде берілген Естеліктер

ТЫЛДАҒЫ ЕРЛІК ЕҢБЕК

Бүкіл совет халқы ұлы Жеңістің 25 жылдығын зор қуанышпен, коммунистік құрылыстағы қол жеткен табыстарымен атап өтеді. Бұл тарихи күн жарқын көктемдегі ұлы көсеміміз Лениннің жүзжылдық мерекесін өткізумен тұстас келіп отыр. Ұлы Отан соғысы совет қалқының қаһармандық жеңісімен аяқталды. Совет халқы социалистік Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін фашизмнің қаратүнек құлдығынан қорғап қалды. Жеңіс оңайға түскен жоқ. Совет… (read more)

КОМАНДИР ҚОЖАМҚҰЛОВ

Архив қызметкері ретінде өмір жолы өнеге ардагерлер туралы материалдарды жинап сақтау, кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсыну – біздің басты міндетіміз. Тыныбек Қожамқұлов қарттың документтерін архивке алу мақсатымен үйіне бардым. Көпшілікпен араласқан, үлкенді-кішілі қызмет атқарған, жақсы мен жаманның парқын айыратын, ұзақ ғұмырында бір-біріне сүйеніш, таяныш болып қосағымен қоса ағарып келе жатқан ерлі-зайыпты зиялы жандар құшақ жая… (read more)

Маршал тапсырған орден

Мақан 1941 жылдың декабрінде әскер қатарына шақырылғанда бірден майданға кірермін деп ойлаған еді. Онысы бекер болып шықты. Ауыл іргесіндегі Аса өзені бойында 105-ші атты әскер дивизиясы құрамында жаттығуға кірісті. Осы жерде командирлердің басшылығымен жауынгерлік айла-тәсілдерді үйренген соң ғана майданға аттанды. Қазақстандықтар мінгенсостав 1942 жылдың 22 сентябрьінде Сталинград түбіне келіп бірақ тоқтады. Мақаңның алғырлығына ынта қойды… (read more)

Отты жылдар шежіресінен: Ділдабектің қос «қара қағазы»

Ұлы Отан соғысының тауқыметін айта беру қиын-ақ. Кім көрмелі оның азабын, кім тартпады оның зардабын, Солардың бірі – Ділдабек Бейсалиев. Жуалы ауданының алыстағы Алексеевка селосының тұрғыны Д. Бейсалиевты соғыс басталған жылы жасың кіші деп армияға алмады. Ауылдағы үлкен-кіші майданға аттанғанда, еш болмаса үйдегі інілеріме, ауру әжеме қолқабыс болайын, кім бағады енді оларды, деген оймен Ділдәбек… (read more)

Аға ерлігі – ініге үлгі. ӘЛІ ДЕ САПТА

…Өз шаруасымен айналысып жүрген Қабыз ақсақалды, есік алдына келген пионердің «ата» деген дауысы елең еткізді. Ата, Сізді мектепке шақырып келіп тұрмын. Біздің класта бүгін Совет Армиясының 70 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтеді, соған қатысыңыз. Мұғалім апай және класс оқушылары атынан келдім, – деп шақыру қағазын ұсынды. Қабыз ата әлі де көзілдіріксіз оқиды екен. Бірден: Жақсы,… (read more)

АСЫЛ БЕЙНЕ.    Бауыржан МОМЫШҰЛЫНЫҢ  нақыл сөздерінен

Отан үшін отқа түскіп – күймейсің. Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды. Өлім арасында жүрсең де, өмірден үміт үзбегін. Ұшқырлық – батылдық пен ептілікті ұштастыра білу. Батылдық – есеппен қимылдауды тәуекелмен ұштастыру. Тәуекел есеппен ақталады. Армия – азаматтық зор мектеп. Жеке солдаттың тәжірбиесі – жақсы мектеп, Ал бүкіл взводтың тәжірбиесі – университет. Өзінмен өзі сынмен… (read more)

СССР Қорғаныс министрінің 1988 ЖЫЛҒЫ 9 МАЙДАҒЫ №170  Бұйрығы

Жолдастар, солдаттар мен матростар, сержанттар мен старшиналар! Жолдастар, прапорщиктер мен мичмандар! Жолдастар, офицерлер, генералдар мен адмиралдар! Жолдастар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен СССР Қарулы Күштерінің ардагерлері! Осыдан қырық үш жыл бұрын қаһарман совет халқы, оның айбынды Қарулы Күштері Коммунистік партияның басшылығымен Ұлы Отан соғысында жеңіске жетіп, фашизмді талқандады. Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды, Европаның… (read more)

АРДАГЕР АҒА – Арыстан Өтеулин

«Жетпіске желіп жүріп жеттік қой» деген қарттардың сөзін ішінара есітіп қаламыз. Оған не жетсін! «Жолыңыз болған екен, сол жетпісіңізден танбаңыз!» дегеннен өзге айтарымыз жоқ. Ал, енді «желігім жеті жасымда басылып еді» дегенге не дейсіз? Өмір солай, тағдыр әркімнің сыбағасын әр қилы жаратады. Үлкен де, кіші де атын атамай, ылғида «Ареке» деп кеткен – Өтеулин Арыстан… (read more)

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА – 80 ЖЫЛ БАУЫРЖАН ТУРАЛЫ СӨЗ

  Ұзақ тарихымыздың қай белесінде де халқымыздың абыройын өсіріп, ұлттың мақтанышына айналған даналар аз болмаған. Ел шетіне жау тиіп, сүттей ұйып отырған бейбіт қауымның басына қатер төнгенде халық ұранын байрағындай желбіретіп, елім деп еңіреген түкті жүрек, мықты білек ұлдардың да, елдің, жердің амандығын, бауырдың бүтіндігін көксеген басалқалы билердің де, жалын айтқан жырымен, жүрек жарды сырымен… (read more)

Холоденко Григорий

Ветеран Великой Отечественной войны Холоденко Григории Воспоминания Комсомольской призыв. Шел второй год войны. Мы, подростки, знали и чувствовали, что Родина предлагает все силы, чтобы остановить дальнейшее продвижение врага. В то время я был учащимся Железно дорожного училища №1 станция Джамбул. Все учащиеся помогали, как только могли фронту: одни оказали помощь рабочим депо в переоборудовании паровозов… (read more)